Екіншіден, бүгінгі елдегі өзгерістің бәрі Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай болып жатыр. Осы жағынан алғанда, асығыстық жасаған секілдіміз. Өйткені әзірге басқа фракциялар әлі дайын емес. Сондықтан кішкене күте тұрғаны абзал еді. Бірақ қазір шешім қабылданды, енді соның соңын күтеміз. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – президенттік мандаттың бір ғана мерзімге отыруы. Бұл – жақсы жаңалық. Өйткені 30 жыл бір адамның басқаруымен өткен күнді жақсы білеміз. Биліктің монополиялануынан халықтың жағдайы төмендеп, экономикалық ахуалы өспеді, басқа да саяси-әлеуметтік қиыншылықтарды бастан өткеруде. Сондықтан бір адамға түбегейлі тәуелді болмауымыз керек. Аға буынның өкілі ретінде осы қадамды қолдаймын.
Ғалым Байназаров,
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор: