Жол апаты 17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында Қарасу ауданының Дружба кентінің маңында Chevrolet Cobalt және Audi автомобильдері соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан ізінен келе жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі көліктен қашып құтыла алмай, соққыдан жол шетіне ұшып кеткен. Артынша көлік өртенген. Оқиға салдарынан Chevrolet жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі көліктің екі жүргізуші мен екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық пунктке жеткізілді. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.