Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұрғындар тілегі ескерілуде

09:09, 01 ақпан 2023 279
Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар апта сайын аула аумақтарын абаттандыру, көшелерді, аулаларды қосымша жарықтандыру, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін әкімдік қабырғасында шешуді талқылайды.

Қазірдің өзінде көктем мезгілі қарсаңында тұрғындардан қосымша абаттандыру жұмыс­тарына қатысты өтініштер көбейіп келеді. Келіп түскен өтініштер тізімге енгізілген, қаржылан­дыру бөлінген жағдайда ағымдағы жылдың өзінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұл ретте жиі кездесетін мәселе – тұрғындардың жосықсыз құрылыс салушылар туралы шағым­дары, меншік иелерінің бірлестіктерін құрудағы қиындықтар, үйлерді пайдалануға беру үшін құжаттарды алу. Осының бәрі ­кезең-кезеңімен бірлесіп шешілуде.

Басқарма қызметкерлері жосықсыз құрылыс салушыларға байланысты туындаған мәселелерді шешуде консультативтік көмек көрсетеді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар