Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

04:55, 02 ақпан 2023 241
"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев мемлекетке қарсы шығып, сотта ойсырай ұтылды.

Болат Назарбаев Алматыдағы "Оптовка" базарын қайтарып аламын деген үмітінен біржолата айрылды.

Өткен жылдың қазан айында сот оптовканы басқаратын "Найза-БН" фирмасын мемлекетке қайтару туралы шешім шығарған болатын. Себебі, 1,5 миллиард теңге тұратын базарды "Бөкең" небары 300 миллион теңгеге сатып алған. Одан мемлекетке үлкен шығын келді.

Болат Назарбаев онымен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді. Бүгін аппеляциялық сот ол шағымды қанағаттандырмады.

Болат дәуірінің аяқталуымен олигополияның базардағы диктатурасы бітті деуге болады. "Алтын Орда" мен "Оптовка" мәселесі шешілді. Енді мемлекетке соңғы қадам жасап, Алматының қақ ортасындағы "Никольский" базарын өзіне қайтару ғана қалып отыр. Бұл ретте, 2017 жылдары Жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары болған, жерді Болат Назарбаевқа жазып берген Ардақ Самамбетов деген шенеуікке үлкен сұрақтар туындайтын болады.

DALA INSIDE дереккөзі Болат Назарбаевтың "Никольский" базары үшін қасық қаны қалғанша айқасуға буынып отырғанын хабарлады. Бірақ мемлекет те бұл істі соңына дейін жеткізбек. Сондықтан "Қазақстан VS Болат Назарбаев" жекпе-жегінде біз үшінші раундты көретін боламыз.

Оптовканың коммуналды балансқа оралуымен биыл Алматы экономикасы одан да тезірек өсетін болады. Бұған дейін Болат Назарбаев Алматының дамуына мүмкіндік бермей келген еді. Қазір Алматы Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) жасайды.

Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Биыл Алматы Қазақстан бюджетіне 207 миллиард теңге беруі тиіс. Егер "Болат дәуірі" аяқталып, "Никольский" базары коммуналды меншікке қайтса, қаланың ішкі аймақтық өнімі тағы 0,3% импульс алмақ.

Бөкең туралы әңгіме әлі алда.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар