Түркияда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Еуропалық-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығының Түркияда жер сілкінгенін мәлімдеді. Дүмпу - 6 магнитудалы, жергілікті уақытпен сағат 10:46-да тіркелді.
Зілзала Малатья қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінен соң сейсмологтар тағы 20-дан астам афтершок тіркегені хабарланды.