Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында мектеп директоры 14 жыл бойы тек өз туыстарын жұмысқа алған

13:12, 13 қыркүйек 2024 2483

Түркістан облысында тұрғындар Ханарық ауылындағы мектеп директорна наразылықтарын білдіруде. Айтуларынша 14 жыл бойы қызметінен тапжылмаған директор мектепке тек өз туысқандарын алған. Конкурстан өтсе де жұмысқа тұра алмаған жас мамандар директордың бұл әрекетіне ашулы екендерін жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Оқиға Төлеби ауданына қарасты Ханарық ауылында болып отыр. Тұрғындардың айтуынша ауылдағы мектеп бүгінде директордың меншігіне айналып барады. Басшы жұмысқа тек өзінің туыстарын тартумен әлек екен.  

Динара Расулова күні кеше конкурстан өтіп, жоғары балл жинаған. Педагогты комиссия жұмысқа қабылдауға шешім қабылдапты. Алайда мектепке келгенінде жұмысқа кірмейтінін білген.

“Барлығыңыздың балдарыңыз бірдей деген. Содан бізден әңгімелесу тестін алады. Сол әңгімелесуден озып шығамын. Мені аудан басшылығынан келген адам тағайындап кетті. Ал екі күннен кейін басқа бала жұмысқа кіреді. Өзінің туған ағасының баласы”, – деді Дина Расулова.

Дипломын алып ауылға келген өзге де жас мамандар ұзақ жылдар бойы жұмысқа орналаса алмай жүргендерін айтып шағымданды.

“Бұл жерде барлығының тектері бірдей, туысқан, жора-жолдас. Бәрі бір жерде. Бұл құдды бір әулеттің корпарациясы секілді. Мемлекеттік мекеме емес, тіпті жеке меншікке айналғандай”, – деді Ханарық ауылының тұрғыны Малика Бердібаева. 

Ал басы дауға қалған директор мектепте туыстарының жұмыс істейтінін жасырмайды. Бірақ көбі "мен келмей тұрып орналасты" деп ақталды.

“Туыс болғанда, ағамның баласы. Бірақ ол өткен болғанмен, бұлар сол күні шағым жасайды. Одан кейін мен асықпадым. Ешқандай бұйрық та шығармадым. Менен алдын кірген қарындастарым бар, сіңлілерім бар. Осы жылы директор болғаныма 14-ші жыл болады. 80 пайыз менің қарындасым болады. Менен бұрын кіргені бар, басқасы бар”, – деді Ханарық жалпы орта мектебінің директоры Юсупжан Қорғанбаев.

Аудандық білім бөлімінің басшысы директордың мәселесі жуырда басқармада қаралатынын айтты. 14 жылдан бері жылы орнынан жылжымаған басшының ротациялық ауысуына уақыт жеткенін тілге тиек етті. Ал конкурсты өткізерде кемшіліктер жіберген комиссия мүшелеріне шара қолданылмақ.

“Басқа мектептерден маман алады. Сөйтіп комиссия құрамыз. Енді үш мұғалімдік қайтадан конкурсқа кіреді. Сол кезде жаңағы үміткерлердің біреуінің сертификаты, біреуінің құжаты қап кетті деп жатыр, енді өткізіп үлгереді бәрін”, – деді Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар