Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияға есірті ала кетпек болған астаналық әйел сотталды

09:35, 29 мамыр 2024 421

Астаналық 47 жастағы әйел есірткі контрабандасы үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Zakon.kz порталына сілтеп. 

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 2024 жылдың ақпан айында Астана қаласының халықаралық әуежайында қызметтік-іздестіру итімен "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есірткі затының контрабандасы күдігімен Астана-Анталия бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 47 жастағы елорда тұрғынын анықталып, ұсталды.

"Жеке тінту барысында ұсталған азаматшадан жалпы салмағы 9 грамм болатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Құқық бұзушы есірткі затын Түркия Республикасының Анталия қаласына барғаннан кейін жеке өзі пайдалану мақсатында алғандығын айтқан", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев

Ұсталған әйелге қатысты көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар