Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрмеден шыққандар мектептер мен колледждерде жұмыс жасайды

20:40, 12 наурыз 2024 324

Бұл бұған дейін де айтылған әңгіме. Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың мектептер мен колледждерде жұмыс істегенін айтты бүгін.

Алматыда 2006 жылы кісі өлтірген бір әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал адам зорлаған азамат лаборант болып жұмыс істеген. Астанада бұрын адам зорлағаны үшін сотталған азамат халықаралық колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Бұдан бөлек тазалықшы мен мұғалімге қатысты қасақана дене жарақатын салды деген айып тағылғаны белгілі болды, - деді ол Сенатта.

Айтқожиннің айтуынша, мұндай фактілер еліміздің барлық өңірінде анықталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар