Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұтас адамзатты алаңдатқан аласапыран". Дубай қаласы су астында қалды

08:59, 17 сәуір 2024 385

Толассыз жауған нөсер мен дауылдың салдарынан Дубайды су басып, шөлде орналасқан қала су астында қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Khaleej Times газетінің жазуына қарағанда, табиғаттың тосын мінезінен кейін метро жұмысы бұзылған. Абу-Даби мен Дубайдағы көптеген ғимарат пен аудандарда электр және сумен жабдықтау құрылғылары мен желілері істен шыққан.

Ауа райының құбылмалы жағдайында Дубай мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушылары үшін қашықтан жұмыс істеу мерзімін ұзартқаны айтылды.

Сонымен қатар, билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге шақырды.

Кейбір аудандарда Дубай тұрғындарының биіктігі тізеге жететін суды кешіп, өтіп бара жатқанын көруге болады. Олардың көпшілігі шалбарын орап, су басқан жолды кесіп өтіп жатыр. Басылым мәліметі бойынша, адамдар байсалды, өйткені тура осындай жағдай қалада өткен айда да болған.

Қалада әуе рейстері тоқтатылады және кешіктірілетіні хабарланған. Сонымен қатар, Рас-Эль-Хайма әмірлігінің көлік басқармасы тұрғындарға қалалық және қалааралық автобус қызметі уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар