Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинадағы қақтығыстан 15 млн адам аштыққа ұшырайды

05:04, 02 маусым 2022 243
 



БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Украинадағы әскери қақтығыс салдарынан әлемде шамамен 13-15 миллион адам аштық шегіне жетуі мүмкін деп болжайды. Бұл туралы ұйымның Ресеймен байланыс жөніндегі директоры Олег Кобяков мәлімдеді.
– 2019 жылы пандемияға дейінгі соңғы жыл – әлемде 690 миллион адам аштыққа ұшырады. Келесі жылы бұл көрсеткіш 811 млн. жетті. Биылғы жылы, біздің болжамымыз бойынша, Украинадағы әскери іс-қимылдарға байланысты 13-15 миллион адамды аштыққа душар болады, – деді Олег Кобяков.

Кобяков планетадағы ашаршылық украин дағдарысын тудырмағанын, бірақ бұл жағдайды ушықтырғанын атап өтті.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар