Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытауда екі бірдей шенеунік ұсталды. Не себеп?

17:18, 11 маусым 2024 492

Ұлытау облысында екі шенеунік бірден қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантусуповты екі айға қамауға алды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген күдік ілінді.

Білім басқармасының басшысы Сапура Түлековаға үйқамаққа алу санкциясы қолданылды. Ол өз қызметкерлеріне заңсыз сыйақы тағайындады деген күдікке ілінген.

«Антикор және ДЭР департаменттерінен қамауға алу туралы қаулылар келіп түсті. Осыған байланысты аталған тұлғалар өз қызметтерінен шеттетілді», — деп хабарлады дереккөз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар