Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық университеттегі халықаралық маңызды шара

12:16, 05 қазан 2022 147
2022 жылдың 5 Қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.  Ауқымды іс-шара  Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) ұйымының құрылғандығына 30 жыл мерейтойы аясында жүргізілді.



Естеріңізге сала кетсек, Азия құрлығында сенім тетіктерін құру идеясы алғаш рет 1992 жылы айтылған болатын, содан бері АӨСШК Азия қауіпсіздігінің архитектурасын нығайтуға елеулі үлес қосты. АӨСШК қалыптасуы мен дамуына көрнекті отандық дипломаттар үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық етуі аясында Кеңесті өңірлік ұйымға трансформациялау маңызды мәселе болып қала береді және АӨСШК қызметін сараптамалық сүйемелдеу, АӨСШК Талдамалық орталықтарының әлеуетін оларды тұрақты жұмыс істейтін диалогтық платформаға түрлендіру арқылы күшейту қатысушы елдердің өзара іс-қимылының өзекті бағыты болып саналады.



Дөңгелек үстелге қатысушылар АӨСШК аясында қауіпсіздік тетіктерінің, сауда және санкциялық соғыстардың эрозиясы жағдайында Азия континентіндегі сенім шаралары жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективалары, даулы мәселелер бойынша сындарлы келіссөздерді қамтамасыз ету және олардың пайда болуының бастапқы кезеңінде қайшылықтарды шешу, терроризмге қарсы іс-қимылдың бірлескен жүйелі тәсілдерін және АӨСШК елдерінің аумағында қатерлердің алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттілігі, кеңеске қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне серпін беру үшін қосымша ынталандырулар әзірлеу мүмкіндіктері, жаңа қатерлер мен тәуекелдер мәнмәтінінде халықаралық құқықты жетілдіру мәселелері тақырыптарын ойталқыға салды.

Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі Властимил Самек, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Цзян Вэй, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Мохсен Фагани, Өзбекстан Респбуликасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Фатхуллаев Аброр Джахангирович құттықтау сөздерін жеткізіп, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық, әлемдік мәселелерді бейбіт түрде шешу үшін осындай диалогтық платформалардың қажеттілігі мен маңызын атап өтті.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Вице-Консулы Шермин Текин, Үндістанның Алматы қаласындағы Бас Консулдығының консулы Амит Кумар Шарма, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Равшан Бобохонзода, Қырғызстанның Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Консулы Асанбеков Жумаш Омурзакович дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде қатысып, іс-шара барысындағы ойталқы үдерісіне белсенді түрде қатысып, пікір бөлісті.

Сонымен қатар, ауқымды іс-шара Азия мемлекеттерін танушы танымал сарапшылар мен академиялық қоғам өкілдерінің бас қосу орнына айналды. Солардың ішінде Султанов Болат Қылышбайұлы, Байзақова Құралай Ертісқызы, Губайдуллина Мара Шаукатовна, Ауельбаев Болат Әлімханұлы, Ауған Мәлік Әлшіоразұлы, Курмангужин Рүстем Сәлімұлы, Баталова Ақмарал Валериановна, Артықбекова Мунира Абдыкаюмовна өз баяндамаларын жасады. Іс-шара қорытындысынды бойынша резюлюция қабылданды.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?