Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза болды. Тікұшақ неге адам аяғы баспаған орманға құлаған?

09:28, 20 мамыр 2024 458

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлай бастады

Апат болған тікұшақта Иран президенті Эбрагим Раиси мен елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахян де болған. Қайғылы оқиға жексенбі күні болған. 

Тікұшақ Шығыс Әзербайжан провинциясында қалың орман арасында апатқа ұшыраған. 

Ұшақта президент пен министрден бөлек бірнеше шенеунік болған. 

Елді шошытпауды мақсат тұтса керек, Тегеран тарапы "әуе көлігі жерге соғылды", "қатты қонды" деген сөздерді қолданды. Шынында, тікұшаққа не болғанын ешкім білмеді. Ресми мәлімдемелерде де әуе апатының салдарлары белгісіз екенін ашық айтылды.

"Президент бірнеше тікұшақтың бірімен Әзербайжаннан оралып келе жатқан. Ол отырған әуе көлігі тұман кесірінен жерге қатты қонды. Аталған ауданға құтқарушылар тобы бағытталды, алайда тұман мен күрделі ауа райы салдарынан ол жерге жеткенше біраз уақыт өтуі мүмкін", – деген ІІМ басшысының сөзін жария етті жергілікті IRIB телеарнасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?