Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ирандағы сайлау: Елді әзірбайжан ұлтының өкілі басқаратын болды

14:45, 06 шілде 2024 765

Иранда президенттік сайлаудың екінші туры өтті. Нәжижесінде, Масуд Пезешкиан 53,3 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы консерватор Саид Джалили 44,3 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сайлау Иранның бұрынғы президенті Эбрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқаннан кейін өтетін болған еді. 28 маусымда өткен бірінші турда бірде-бір кандидат көп дауыс жинай алмады. Ақырында сайлаудың екінші кезеңін өткізуге тура келді.

Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Пезешкиан жақтастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Франс Пресс.

«Біз барлығына достық қолын созамыз, бәріміз осы елдің адамымыз, барлығын елдің өркендеуі үшін пайдалануымыз керек», - деді ол.

Бұрынғы кардиохирург Масуд Пезешкиан сайлау науқаны кезінде Иранның полициясын сынға алды. Ол Иранның басқа әлемнен «оқшаулануын» тоқтатуға уәде берді. Пезешкиан сонымен қатар 2015 жылғы ядролық келісімді қайта жандандыру бойынша Батыспен «конструктивті келіссөздер жүргізуге» шақырды, оған сәйкес Иран Батыс санкцияларын жеңілдетудің орнына өзінің ядролық бағдарламасын шектеуге келісті.

Ирандық саясаткер, Парламент депутаты Масуд Пезешкиан 1954 жылы 29 қыркүйекте Махабад қаласында (Батыс Әзірбайжан провинциясы, Иран) діни отбасында дүниеге келген. Ұлты - этникалық әзірбайжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар