Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль Иранға жауап ретінде шабуыл жасаудан бас тартты

19:02, 14 сәуір 2024 630

Израиль Иранға қарсы шабуылдан бас тартты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Мұндай шешім Нетаньяху Мен Байденнің тілдесуінен кейін қабылданды. 

Премьер-Министр Беньямин Нетаньяху АҚШ басшысы Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Израиль Иранға қарсы соққыдан бас тартты, деп хабарлады New York Times.

Басылымның хабарлауынша, Израильдің әскери шенеуніктері одан әрі бұл шешімді талқыға салуды жалғастырады. Иранның 14 сәуірдегі әскери операциясын жан_жақты қарастырады. 

Сонымен қатар,естеріңізде болса, Израиль СІМ таратқан мәлімдемеде елдің қорғанысқа да шабуылға да дайын екені айтылған еді. 

"Израиль қорғанысқа да, шабуылға да, яғни кез-келген сценарийге дайын. Бізге шабуыл жасағандарға немесе кез келген шабуыл жасауды жоспарлаушыларға қарсы соққы береміз. Иран өз іс-әрекеті және Израильге, сондай-ақ азат әлемге қарсы лаңкестерді қолдану арқылы жағдайды тұрақсыздандырып, аймақтағы бейбітшілікке қауіп төндіреді", делінген ресми мәлімдемеде. 

Сондай-ақ Иранның Израильді жоюға күш салатыны хабарланып, халықаралық қауымдастық бұл басссыздыққа бей-жай қарамауы қажет екендігі де сөз болған:

"Әлемдегі бір де бір ел өз өміріне төнген қауіп-қатерге төтеп бермей отыра алмайды. АҚШ пен Батыс державалары Израильді қолдайды. Халықаралық қауымдастық қазір Иранға тосқауыл қоюы керек, оған террористік әрекеттерін жалғастыруына, Израиль мен аймаққа қауіп төндіруіне жол бермеуі керек. Бүкіл әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіретін режимде ядролық қарудың болуына жол берілмеуі тиіс".
Ал Иран СІМ өкілдері бұл шабуылды 1 сәуірде Сирия Үкіметінің шақыруы бойынша қызмет етіп жүрген Иранның әскери кеңесшілерін осы елде шәһид қылуына берілген жауап деп атады. Мұнымен қоса, Палестина халқына қарсы заңсыз және геноцидтік әрекеттерінің және оның көршілес мемлекеттерге талай әскери агрессияларының, аймақта және одан тыс жерлерде соғыс таратуды жалғастырып жатқан жағдайдағы Иранның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты көзқарасы екендігін мәлімдеді.
"Иран Ислам Республикасы кез келген заңсыз күш қолдану мен агрессиялық әрекеттерден өзінің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен ұлттық мүдделерін қорғауға деген табандылығын қуаттайды... Қажет болған жағдайда Иран Ислам Республикасы өзінің заңды мүдделерін кез келген әскери агрессиялық әрекеттер мен заңсыз күш қолданудан қорғау үшін қосымша қорғаныс шараларын қабылдайтын болады", делінген хабарламада. 

Естеріңізде болса, Иранның Израильге шабуылын жасады. Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Мұхаммед Багери бұл операция сәтті өтті деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар