Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зардап шеккен өңірлердегі балалар НЗМ мектеп-интернаттарында оқитын болады

20:07, 09 сәуір 2024 408

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларға «Дарын» және НЗМ мектеп-интернаттарында оқу процесі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы үкімет мәлімдеді.

Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды. Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңесте вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл механизмдер туралы толығырақ айтып берді.

Қазір 115 оқушы білім алатын 130 қазақстандық мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр.

Эвакуациялық орталықтардағы
балалар келесідей бөлінуде:

Бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) (207 бала ата-аналарымен бірге) оқу процесін толық ұйымдастыра отырып, сауықтыру орталықтарына (лагерьлерде) орналастырылады.

5-8 сынып оқушылары (1 577 бала) «Дарын», БИЛ, НЗМ мектеп интернаттарына орналастырылады.

Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар)  (213 бала) колледждер мен жоғары оқу орындарына уақытша орналастырылады.

Вице-премьер міндет су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Алгоритм әзірленді, оны жұмаға дейін әкімдіктерге жеткіземіз. Бұл жұмысқа кәсіподақтарды, жеке меншік лагерьлер мен мектептерді, тегін жол жүруді қамтамасыз етуде ҚТЖ-ны, ЖОО оқытушыларын және т.б. қосамыз. Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында балалар барлық қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады. Мектеп психологтарының жұмысы да ұйымдастырылған», — деді Тамара Дүйсенова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар