Ақтауда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.
9 және 10-шағынаудандар арасындағы жолда көлік өртенген. Оқиға салдарынан әйелдің денесін күйік шалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 17:46-да ТЖД күшімен өрт ауыздықталды.
"Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің алты қызметкері жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деді ведомство өкілі.