Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қалғанын сотта айтамыз": Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кетті

19:59, 03 шілде 2024 742

Әнші Абай Бегейдің қызының басы дауға қалды. Заңсыз лотерея ұйымдастыру бойынша блогердің ісі сотқа кетті. Бұл туралы "Алаяқ.нет" жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәлім етті, деп хабарлайды Alash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлованың ісі енді сотта қаралатын болды.

"Қызық енді басталды. Ағамыз қызын лақтыра салды ма?! Лотереяны жасау үшін салық төлейміз" деп құтыла алмайсыздар! Заңсыз лотерея ұйымдастыру бойынша блогердің ісі сотқа кетті! Мені заң білмейтін заңгер депті. Еске салайын, ол сурет қызыңның ашық кеңістіктегі өз еркімен жариялаған парақшасынан алынды. Қалғанын сотта айтамыз. Соңына дейін кетсек, кетейік. Попкорндарыңызды дайындай беріңіздер", – деп жазды заңгер.

Әнші қызының тұрмыста екенін, сонымен қатар, бұл іске араласпайтындығын айтты. Тіпті заңгерге өз ренішін жеткізген еді.

“Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?!”, – деген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар