Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зерделі" оқушыларына қиянат жасалмасын!

13:53, 11 ақпан 2023 244
3 ақпан күні өткен 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектеп ішілік кезеңіне Қызылорда қаласында көктайғақ болып, қала оқушылары қатыса алмай қалған еді.

Қалың оқушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша, Қызылорда Сыр Дарынымен, 10 ақпан 12-де өткізсін, тапсырма жіберіп берейік деп келісіп, сол күні Зерделі Ақыл-ой Дамыту Мектебі олимпиадалық академиясындағы жігіттермен бірге түнгі сағат 4-ке дейін отырып, қазақша, орысша екі тілде 3, 4-сыныптарға арналған "Алтын сақа" мектеп ішілік форматымен әр сыныпқа 20 тапсырмадан тұратын олимпиада есептерін шыт-жаңа құрастырып, 11:30-да тапсырманы жіберіп бердік.

Осынша әуреленіп жасалған тапсырма, қаншалаған оқушыларды күткізіп қойып, қалалық білім бөлімінің жауапты маманы аурып қалғандықтан, олимпиада өтпеді деп хабар келіп тұр. Ал тапсырма таралып кеткен, келесіге жарамайды,-дейді. Не деген жауапсыздық! Біздің түнімен ұйықтамай тапсырма жасаған еңбегіміздің де оқасы жоқ делік, Қызылорда қаласындағы әріптестеріміз, ата-аналар мен оқушылар осы "Алтын сақа" олимпиадасын қаншама жыл күтті.

3 ақпан күні ауа-райы жағдайына байланысты олимпиада болмай қалғанда, қаншалаған әріптестеріміз бен ата-аналар менің инстаграм парақшамда жазды. Әлемге әйгілі математик Асқар Жұмаділдаев шыққан жерде, қазіргі министріміз Ғани Бейсембаев туған жердің ұрпақтарына мұндай қиянат жасауға болмайды.

Күні кеше ғана мұғалімдер арасында өткен халықаралық олимпиада да тренерлер арасында жүлде алған Асқар Сыздықов та осы Қызылорда тумасы.

Бастауыш оқушыларына арналған осындай олимпиадалардың жоқтың қасы екенін ескерсек, осы жауапсыздықтан қаншалаған Асқарларымызды дер кезінде байқамай, жоғалтып аламыз.

Бастауыш сынып мұғағалімдерін арналған "Алтын тұғыр" олимпиадасындағы "Бейшаралық" туралы әлі айтпадым.

3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектеп ішілік кезеңіне Ақмола, Абай облыстарын тыс, 18 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 137084 мыңға жақын оқушы қатысты. Соның ішінен аудандық кезеңге 20024 оқушы жолдама алған болатын. Бұл туралы тағы пост саламыз.

Рысбек Мәуліт, Зерделі ақыл-ой дамыту мектебінің жетекшісі 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар