Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркияда сапасыз ғимараттарға жауапты 134 адам қамауға алынды

08:49, 13 ақпан 2023 291
 


Түркияда жер сілкінісінен қирап қалған ғимараттарды салуға қатыстары бар 134 жауапты адамды қамауға ордер берілді. Бұл туралы TRT хабарлады.

Түркия Әділет министрі Бекир Боздаг жер сілкінісінің зардаптарына байланысты тергеу барысында 134 күдіктінің анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұлардың үшеуі осы кезге дейін қамауға алынған, тағы 7 адам кейін ұсталған. Ал қалған 114 күдіктіні іздестіру жалғасып жатыр.

Ведомство басшысы апат аймағында өтетін тиісті сот отырысының 2 айға кейінге қалдырылғанын атап өтті.

Биылғы 6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш қаласының Пазарджик ауданында тербелісі 7,7 балдық, ал Эльбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісі басталған болатын. Сол күні Нурдагы ауданында 6,4 балдық, Газиантеп илінде Ислахиеде 6,5 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. Стихиялық апат Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатья және Элязыг иліндерін қамтыды. Зілзаланың дүмпуі елдің астанасы Анкара қаласында да білінді.

Түркияда қазір жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 29 605 адамға жетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар