Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбылды қаталатқан экс әкім - қазіргі су министріне депутат шүйлікті

06:54, 20 желтоқсан 2023 227


Балабиевтің айтуынша, Жамбыл облысы ағын суды трансшекаралық өзендерден алады. Оның 82 пайызы Қырғыз Республикасынан келеді. Осы жылдың шілде-тамыз айларында Қырғызстаннан берілетін 3,5 млн текше метр судың таусылуына байланысты берілген су тоқтатылғаны белгілі.  Осыған байланысты шілде-тамыз айларында Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығы орын алып, 9 мың гектар алқаптағы егіс зардап шеккен. Шығын көлемі 3,6 млрд теңге. Жамбыл мен Түркістан облысында суармалы жерлер 300-500 мың гектарға жерге дейін жетеді.






«Бұл облыстың бәрі трансшекаралық ауыл шаруашылығы өңірі болғандықтан су әр уақытта қажет. Өзіңіз Жамбыл облысын басқарған тұста шаруаларды судан тарықтырып алдыңыз. Су саласының министрі болып жүрген кезде мақташыларға су жеткізе алмадыңыз. Күнгейдегі шаруалардың шырылдап жүргенде күз де өтіп кетті. Біздің елімізде берілетін трансшекаралық өзен суларын арттыру мәселесі қарастырыла ма? Мәселені қандай жолдармен шешпексіздер? Қашанғы кісідегінің кілті аспанда демекші көршілердің көңіліне қараймыз? Кіріптарлықтан құтылатын күн бар ма? Биылғы құрғақшылықтың келешекте қайталанбауына қандай кепілдіктер бар?» - деп сұрады министрден депутат.

Бұл сұраққа жауап берген министр Нұржігітов расында да, биыл Жамбыл облысында су тапшылығына байланысты шаруа қожалықтар зардап шеккенін айтады. Бұл жалпы «жылдың Жамбыл облысындағы Талас пен Шу өзені бойынша сулығына байланысты болды» дейді. Себебі Қырғызстанда су мөлшері сондай деңгейде болды деп түсіндіреді.
«Ал енді трансшекаралық өзендер бойынша келісімді қалай жүргіземіз? Қырғызстанмен мысалы 2000 жылы екіжақты трансшекаралық өзендерді пайдалану жағынан келісімдеріміз бар. Сол келісімшартқа байланысты Талас өзені 50/50 мөлшерінде, ал Шу өзені 42/58 пайыз бөлінген. Сондықтан, әр жылдың өзінің сулылығына байланысты су көлемі бөлінеді. Біздің тараптан оны көтеру мәселесін біз қарастырып жатқан жоқпыз. Себебі нақты пайыздық мөлшері бар», - дейді ол.

Министрдің сөзінше, Орталық Азиядағы бес мемлекет 1992 жылы тура сондай келісім жасаған. Сол келісімде бұрынғы Кеңес одағындағы су қалай бөлінеді – тура сондай көлем расталған.
«Атап айтқанда, Сырдария өзенінде су көп болса, бізге Қазақстанға 12 текше шақырым су беріледі. Сондықтан, бұл жұмыстар тек келіссөздер арқасында атқарылып жатыр», - дейді Нұржігітов.

Еске сала кетейік, Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне биыл қыркүйекте тағайындалған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар