Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жансақтау бөліміне түскен Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

06:39, 31 қазан 2022 149
Айтыс жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана өкілдері Жүрсін Ерманның денсаулығы толық бақылауда екенін айтады. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем шаралары жасалып жатыр.

Еске салайық, 29 қазанда Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында айтты.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар