Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зиянды жұмыс істейтін қазақстандықтарға арнайы төлем қашан беріледі?

12:25, 01 ақпан 2024 311
Елімізде бірінші қаңтардан бастап денсаулыққа зиян келетін мекемелерде қызмет еткендерге арнайы төлем тағайындалады. Ресми ақпарат бойынша мұндай төлемді 22 саладағы екі мыңнан аса мамандық иелері алады. Қазір мұндай төлемді алуға 37 мың адам құқылы. Арнайы төлемді алу үшін азамат 55 жастан асқан болуға тиіс. Ал денсаулығына зиян келетін жерлерде кемі 7 жыл қызмет етуі керек. Жауапты ведомство не себепті 7 жыл белгіленгенін де нақтылады.
37 мың адаммен жұмыс істедік. Қазірге дейін 1 281 азамат халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш берді. Жұмыс беруші тарапынан 71 өтініш түсті, ішінде 5 өтініш талапқа сай келмегендіктен кері қайтарылды. Қаңтар үшін төлем 8 ақпаннан бастап төленеді. Жалпы 1 300-ден аса адамға төлем түседі. Зейнетақы жарнасы 2015 жылдан бастап іске қосылды. 2014 жылы заң қабылданды. Қазірге дейін 9 жыл өтті. Осы аралықта жұмыс беруші жарнаны аудара алмай қалған болуы мүмкін екенін ескеріп, орташа есеппен 7 жыл таңдалды, - деді министр.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторының сөзінше, биыл арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады.  Сондай-ақ, төлем мөлшері зейнетақы қорындағы жинаққа байланысты бекітіледі. Сонымен қатар, жұмысшыға берілетін қаражат 60 мыңнан кем болмайды.
«Зиянды жағдайда жұмыс істейтін адамдардың тізімін есептедік. Қазір 3 380 мекеме бір төлем болса да жұмысшылары үшін кәсіптік зейнетақы қорына аударым жасаған. Жұмыс істеп жүрген жұмысшылар 4 көзден ақша алады, жұмыс істемей жүргендер 2 көзден төлем алып отырады. Олар: республикалық бюджет және өзінің жиынтық қоры. Ал төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты бекітіледі. Ол қазір 33 мың теңге болса, жұмысшы кем дегенде 60 мың теңге алады», - деді Еңбек комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар