Жазушы, драматург Дулат Исабеков Kultobe podcast youtube-арнасына берген сұхбатында экс-президент туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, экс-президент билікте болған кезде жазушылармен жиі байланыста болған.
«Нұрекеңнің (Назарбаевтың - ред.) бір жақсы жері - әдебиетті білетін, көп шығармаларды оқитын, өзіндік пікірі болатын. Бізді қабылдаған кезде де әдеби процестің ішіне кіріп сөйлесетін. Қазір жазушылар тоқырап қалды. Ешкімнің билікпен шаруасы жоқ, биліктің жазушылармен шаруасы жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ, ол Назарбаевтың жағымды-жағымсыз жақтарын айтып, ойын айтты.
«Назарбаевтың қалай болғанда да екіжақты мінезі бар. Жақсылығы - шекарамызды бекітті. Енді оны ешкім бұза алмайды, бұзса соғыс болады. Бірақ Қазақстанның көп байлығын иемденіп кетті деген қауесет бар. Соны жұрттар көп айтады. 200 млрд доллар ақшасы бар деп естідім. Қазақстанның бір жылдық бюджеті 4 млрд доллар. Еліміздің жарты байлығы демек біздің бұрынғы президентімізде. Бұл рас болса, әрине кешірілмейтін күнә. Өзім бұл қауесетке сенгім келмейді. Бір адам Қазақстанның жарты байлығын не істей алады? Бұл жөнінде Назарбаев екеуміз билікте отырған кезінде сөйлестік. Екінші рет Лондонға баратын кезде тағы да сөйлестік. «Басқалар Қазақстанның байлығын алып, шетелге қашып жатыр. Қолымда 100 млн доллар болса, қайда құртарымды білмес едім» деген едім. «Менде де 100 млн доллар бар» деді. «Көп болса 30 жыл ғұмырың қалды, 100 млн долларды жаратып үлгере алмайсың», деп айтқанмын. Өзім тойымсыздықты түсінбеймін. Түбімізге қанағатсыздық жететін болды. Жап-жақсы жігіттердің билікке барғаннан соң 5-6 жылдан кейін қылмыстық іспен ұсталғанын көресің», - деді ол.
"100 млн долларды жаратып үлгере алмайсың" дедім: Жазушы Дулат Исабеков Назарбаевқа қатысты пікір білдірді
Көбірек оқу
14:22, 18 маусым 2024 0
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 91
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 100
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 198
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 303
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 425
"Қол қоя алмаймын": Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден неге бас тартты?
14:18, 22 қараша 2024 3311
"Біз мигранттарға мұқтажбыз". Кремль Ресейдің мигранттарсыз көрген күні қараң екенін мәлімдеді
13:56, 22 қараша 2024 266
Қоғамға пайда әкелетін жоба: Halyk Bank қостанайлық кәсіпкерге балалар клубын ашуға көмектесті
13:26, 22 қараша 2024 160
"Жылдар бойы үнсіз қалды". Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі дүниеден өтті
12:21, 22 қараша 2024 1387