Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"100 млн теңге аударған": Ірі құрылыс компаниясының экономисі әйелінің фирмасы арқылы ақша жымқырған

18:12, 22 шілде 2024 747

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған экономиске қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Alash.KZ сайты.  

Сотта анықталғандай, сотталушы ірі құрылыс компаниясында экономист ретінде қызмет ете отырып, «1С бухгалтерия» базасы арқылы контрагенттер тізіміне жұбайының атына рәсімделген фирманы қосқан. Содан соң, ақша аудару мақсатында төлем жасау үшін аталған фирмадан бухгалтерияға жарамсыз шоттар берген.

Осылайша, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпестен, құрылыс компаниясының шотынан аталған фирмаға 2022 жылдың қаңтар-сәуірі аралығында 73,3 млн теңгеден астам қаражат және 2022 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында 26,8 млн теңге аударылған.

Құрылыс компаниясына жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам шығын келтірілді деп жазды Halyq Uni. 

Сотталушы өз кінәсін мойындамады, алайда оның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ақша аударымдары туралы мәліметтермен, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, букмекерлік кеңсенің жауаптарымен дәлелденді.

Сот үкімімен К. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тараптың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асатын азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар