Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

100 млн теңге: Бишімбаев сотына қатысты айыпталушы соңғы сөзін айтты

17:36, 28 қазан 2024 482

Бишімбаев ісіне қатысты кейбір сот әлі аяқталған жоқ. Мәселен, Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге пара сұраған әйел Людмила Грачева сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ Tengrinews.kz материалына сүйеніп.

Әйел қамаудағы жағдайға шағымданды.

"Қамауға алынған осы алты айда мен тергеуші, құқық қорғау органдары, қазір отырған мекеме тарапынан психологиялық қысым көрдім. Мен камерада 24/7 бейнебақылауда отырмын. 8 адам ұсталатын камерада әрқайсына екі шаршы метр қажет. Ересектер мен балаларды өлтірушілермен бірге отырғызды, шын мәнінде өз өмірім үшін күресуім керек. Мұның бәрін құқық қорғау жүйесі соталды тергеу сатысында адамның психологиялық күйзеліске ұшырауы және қорқуы және мойындауы үшін жасайды", - деді Грачева сотта.

Сотталушы өз балалары туралы да айтты.

"Бірнеше ай бойы адвокаттарым маған балаларымның хаттарын әкеліп беріп отыр. Себебі кездесуге тыйым салынған. Мен екі туған күннен қалдым. Бұл балалар үшін ешқашан қайталанбайтын ең маңызды күндер. Олар менің қоңырауымды күтті, құттықтауымды. Тергеушінің рұқсатымен телефон соғуға құқығым бар. Бірақ одан да бас тартылды. Қамауға алынғаннан бері бәрінен айырды", - деп қосты ол.

Еске салайық, прокурор Қуандық Бишімбаевтың жазасын 100 миллион теңгеге жеңілдетуге көмектесуді ұсынған әйелді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?