Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Террорист деген қоңырауым бар"

05:11, 28 қыркүйек 2022 149
Белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырай түрмеден кейінгі өмірі туралы сыр шертті. Ол 2011 жылы "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Алаш сайты.


Атышулы "Сопылар ісі" бойынша сотталып, 2018 жылы шартты түрде босап шыққан профессор Саят Ыбырай бұл туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.




Сұхбат барысында ол түрмеде көрген қиындықтарын және бостандыққа шықса да әлі күнге дейін түрлі кедергілерге тап болып жүргенін айтты. Өйткені "террорист" деген аты қарапайым құжат рәсімдеуде де қиындықтар туғызады екен.




"Қазатомпром" деген компаниямен келісімшарт жасасып жұмыс істеп жатырмын. Бірақ жұмыс барысымен қаладан шығу деген мен үшін үлкен мәселе. Іссапараға шығу үшін аудандық полиция бөліміне барып түсіндіресің, бірақ рұқсат бермейді. Өйткені менің террорист деген қоңырауым бар. Өздерінің терминінде "қызыл экран" деп аталады. Себебі мен туралы мәліметті қарағанда, экраннан террорист деген жазу атып шығады. Ал олар одан шошиды. Не құжаттарыңды рәсімдей алмайсың, көлік жүргізейін десең сенімхатты да ала алмайсың. Былтыр мемлекеттік бағдарламамен үй алатын мүмкіндік болды. Бірақ оған да қол жеткізе алмадым. Себебі кез келген нотариус "басымыз екеу емес" деп маған қызмет көрсетуден бас тартады. Өз атымда үй жоқ. Осы Алматыдағы шешемнің үйінде тұрып жатырмын. Біраз беделі бар жігіттер көмектесеміз деп ортаға түсіп көріп еді, олар да түк шеше алмады", — деді Саят Ыбырай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?