Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев мигранттарға қатысты Ресеймен келіссөз жүргізетін болды

04:24, 29 қыркүйек 2022 157
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Облысқа келген мемлекет басшысы Түркістан халқымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуал туралы да қысқаша пікір білдірді.


 
– Қазіргі халықаралық ахуал жөнінде қысқаша айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан, парасаттылық пен сабырлылық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек, – деді Тоқаев.

 

Сондай-ақ, президент Ресейден көшіп келіп жатқан азаматтарға қатысты мәселені ел мүддесіне сай шешуше уәде берді.
– Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек, – деді мемлекет басшысы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?