Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен адам Ресейде ұсталды

09:48, 23 қыркүйек 2024 608

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, - деп хабарлайды Alash.KZ. 

Прокуратура мәліметінше, күдікті былтыр қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды, деп жазды Dalanews.kz.

Бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар