Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін": Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді

10:35, 23 қыркүйек 2024 118
 

Қазақстанның Балқаш өңіріне Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды Alash.KZ.  

Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алады екен.  

"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін Голландиядан ұрғашы және еркек жолбарыс әкелінді. Олар Іле-Балқаш қорығына қоныстанды. Бұл қатал ауа-райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары”, – делінген хабарламада.
 
Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізілетінін айтқан еді. 
 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?