Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"140 деструктивті аккаунт табылды": ҰҚК TikTok-қа тыйым сала ма?

14:11, 10 маусым 2024 455

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті TikTok компаниясына 140 деструктивті аккаунт пен 6500 сілтемені жоюды тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz сайты Ulysmedia.kz ке сілтеп.

Биыл сәуірде «TikTok» онлайн-платформасының Орталық Азиядағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Д. Пылевпен Қазақстан Үкіметінің мүшелері кездесу өткізген. Кездесу барысында заңсыз контенттердің бәрін жою бойынша іс-шараларды жедел әрі толық көлемде жүзеге асыру қажеттілігі және олар орындалмаған жағдайда «TikTok» платформасына мемлекет аумағында шектеуге толық негіздер бар екені қатаң түрде ескертілген.

Заңсыз контенттер бұғатталады.

Кездесу нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтаған 140 деструктивті аккаунт пен 6500 сілтемені (балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін) жою туралы тапсырылды. Онлайн-платформаның өкілдері Қазақстанның ресми органдары көрсеткен заңсыз контентті міндетті түрде қаралатыны және біржола бұғатталатыны жөнінде сендірген.

«TikTok» платформасының меншік иесі аталған сілтемелерді жоймаған жағдайда Қазақстан билігі заң талаптарына сәйкес, еліміздің аумағында шектеу бойынша мәселе қарастырғалы отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар