Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда ер адам бойжеткенді үйіне дейін аңдып барған. Жағдай қалай өршіді?

12:40, 09 маусым 2024 573

Алматылық бойжеткен артынан бейтаныс еркек үйіне дейін еріп келгенін айтып, жұрттан көмек сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy.сайтына сілтеп.

Ол өз сөзінде бейтаныс ер адамның орынсыз әрекеті өзін қатты үрейлендіргенін айтты.

«Өмірім көз алдымнан өткен шығар, артымнан қалмай 4-қабатқа дейін үйіме еріп келді, мен дірілдеп сумкадан кілт іздеп, есікті 0,1 секундта жауып үлгердім. Жан керек болса не істемейсің. Есікті тарсылдатып ашта-аш деп қоймайды.

Жалғыз қайтып бара жатқан қызға әр еркек маньяк болып көрінеді. Осыны бұлар қашан түсінеді?! Таныспақ түгілі, көзінің қиығымен де қарамасын. Құдай сақтасын деп жүруші едім... Шүкір сақтады. Бірақ қорқыныш қалып қойды. Уайымым ертең үйге қалай қайтамын», - деп келтіреді алматылық бойжеткеннің сөзін abdulla_kz_kz Instagram парақшасы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар