Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Семей орманында» өрт шығарған Абай облысының тұрғыны анықталып, айыппұл салынды

16:19, 08 маусым 2024 531
Абай облысындағы Өртке қарсы қызмет бөліміне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдай өкілдері құрғақ шөптің өртенгенін анықтады. Сонымен қатар, «Семей орманында» өрт шығарған Абай облысының тұрғыны жазаланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы жазды. 
 

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

шөп өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталғаны да айтылды.  Трактор иесіне, Боровлянка ауылының тұрғынына, ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар