Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1,5 млн қазақстандық үш айдан бері несиелерін төлей алмай сандалып жүр

14:50, 23 мамыр 2024 355

1,5 млн қазақстандықтың несиесін 90 күннен бері төлей алмай жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сенат кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген, - деді ол.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?