Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 адам көз жұмды: Әлемде тек ерлерге жұғатын вирус түрі тарады

11:29, 14 маусым 2024 3108

Оңтүстік Африкада екі адам бір тәуліктің ішінде Mpox вирусынан (маймыл шешегінен) қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«37 және 38 жастағы екі ер адамның денесіне жасалған сарапатама қорытындысы олардың Mpox вирусынан көз жұмағанын дәлелдеді» деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахла.

Оның айтуынша, биыл елде Mpox вирусын жұқтырудың 6 жағдайы тіркелген.

«Диагноз қойылған ер адамдардың бәрі 30 бен 39 жас аралығында болған, олар басқа елдерге саяхаттап бармаған, сондықтан вирусты жергілікті жерден жұқтырып алған деуге негіз бар», - деді Джо Фаахла.

Mpox вирустық инфекциясының бастапқы белгілерне дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ісіну, арқа ауруы, бұлшықет ауруы, бөртпенің пайда болуы жатады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар