Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 минуттық бейнероликке - 9, 750, 000 теңге

08:03, 20 маусым 2022 123
Мемлекеттік сатып алу порталында «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» атты жобаны іске асыру үшін бейнеролик және сюжет түсіруге арналған лот жарияланды.

9 миллион 750 мың теңге – дәл осындай қаражатқа Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы ұзақтығы екі минуттан 60 минутқа дейінгі бейнероликтерге тапсырыс беруге ниет білдіріп отыр. Олар ауыл өмірі, ұрпақтар сабақтастығы, «Солтүстік Қазақстан облысындағы өмірге конституциялық өзгерістердің әсері» туралы болмақ дейді портал мәліметі.

Лот сайтқа жарияланған, 22 маусымға дейін өтініш қабылдайды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?