Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль соққысынан 492 адам қаза тауып, 1600-ден астам адам ауыр жарақат алды

18:43, 24 қыркүйек 2024 78
Израиль шабуылынан 492 адам қаза тапты. Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 
Қаза тапқандар арасында 35 бала мен 42 әйел бар. Бұл — 2023 жылғы қазаннан бері ең көп адам шығынына әкелген әуе шабуылы.

Израиль билігі Ливан тұрғындарына операция аяқталғанға дейін қауіпті аймақтан кету қажет екенін ескертті.

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Нассер Канаани Израиль шабуылын қатаң айыптап, бұл шабуылға жауап болатынын ескертті.

Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац «Хезболланы» «тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланды» деп айыптады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?