Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызын тұл жетім етті: Әйелін 10 жерден пышақтап өлтірген күйеу туралы тың дерек шықты

17:04, 24 қыркүйек 2024 1330

Прокурор әйелі Әл-Бейнені 10 рет пышақтап өлтірген айыпталушыға 15 жыл беруді сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Прокурор айыпталушы Сабыржан Зариповтың өз жарын өлтіріп, қызын тұл жетім қылғанын айтты. 

"Қазақта "әкесі жоқ қас жетім, шешесі жоқ тас жетім" деген сөз бар. Екеуі де жоқ болса "тұл жетім" дейді. Сабыржан Зарипов әйелі Әл-Бейненің өмірін қиып, өз қызын тұл жетім етті", - деді прокурор.

Айта кетейік, 43 жастағы Зарипованың мәйіті 31 қаңтарда өз үйінің жертөлесінен табылған. Іс-материалдары бойынша оның 15 жыл некелескен күйеуі Сабыржан Зарипов оған 10 рет пышақ жарақатын салып өлтірген. Артынша өз шотына 4 миллион 700 мың теңгені аударып алған.   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар