Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"2 млрд теңге": Шабдарбаевтың ұлы зәулім үйін сатылымға шығарды

14:02, 20 қыркүйек 2024 704
 
 

«2 млрд теңге».

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары зәулім сарайын сатылымға шығарды

Аталмыш хабарландыруда жазылғандай, екі қабатты зәулім сарай Alem Luxor элиталы коттедждер қалашығында орналасқан, жалпы ауданы 1100 шаршы метр, айналасында 22 соттық жері бар.

Антикор төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысының антикор басшысы болған Нұрлан Шабдардың әйелі Меруерт Қисамиева Алматыдағы зәулім сарайын 2 млрд теңгеге сатқалы жатыр, деп жазады Alash.KZ Выход к морю телеграм каналына сілтеме бере отырып.

Алматының элиталы ауданында Достық даңғылының бойында орналасқан үлкен үй «Крыша» сайтына сатылымға қойылған. Сән-салтанатты вилланың Нұрлан Шабдардың әйеліне тиесілі екені желіге тараған мәліметтерден белгілі болған, деп жазды  Azattyq Rýhy.

Хабарландыруда жазылғандай, екі қабатты зәулім сарай Alem Luxor элиталы коттедждер қалашығында орналасқан, жалпы ауданы 1100 шаршы метр, айналасында 22 соттық жері бар. Үйдің бірінші қабатында ас ішетін бөлме, қонақ бөлме, кабинет, бірнеше жатын бөлме, монша мен бассейн бар. Екінші қабатта негізгі жатын бөлме, өз дәретханасымен жабдықталған бірнеше балалар бөлмесі, тағы бірнеше үлкен бөлме орналасқан.

Сонымен бірге, екі автомобильге арналған гараж, кір жуатын бөлме, тағы бір демалатын бөлме бар.

Үйдің сыртында құрылысы бітпей қалған жазғы асханасы тағы бар. Шабдар отбасының резиденциясына жеке күзет қойылған.

Нұрлан Шабдар бір кездері ҰҚК-ні және Респутбилкалық гвардияны басқарған Амангелді Шабдарбаевтың ұлы. Ол қызметтік жылдарының көбін күштік құрылымдарда қызмет етумен өткізген. Қарапайым полициядан Алматы облысы мен Астананың қаржы полициясында басшылық лауазымдарға дейін  көтерілді. 2010 жылы 7 ай Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі болды. 2011 -2012 жылдары Премьер-Министрінің Кеңесшісі, 2014-2015 жылдары әскери полицияда, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды. Қалған уақыттың бәрінде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қызмет еткен. Арасында отбасылық бизнесі «ALUA» компаниясында істеп жүрді. Соңғы рет 2021 жылы шілдеде Ақтөбе облысының антикор басшысы болып тағайындалған болатын. Қазір ол қызметтен кеткен.

Телеграм арнаның жазуынша, Алматыдағы алып вилла Нұрлан Шабдардың жалғыз мүлкі емес. Шабдар отбасының Болгарияда бірнеше таунхаусы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар