Екі мектеп оқушысы мұғалімді аямай соққыға жықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өзбекстанның Сырдария ауданы №2 мектебінде екі жоғары сынып оқушысы мұғалімін дәлізде аяусыз соққыға жықты.
«Сырдария облысының мектепке дейінгі және мектеп білім беру басқармасы жағдайды ерекше бақылауға алды. Толық ақпарат кейінірек беріледі», — деп жазады жергілікті БАҚ.