Осыдан бір ай бұрын Алматыда 2 мектеп оқушысы көп қабатты үйдің шатырынан секіріп қаза тапқан еді. Істің мән-жайы туралы тың ақпараттар шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасынан болатын “Көреміз” ток-шоуының кезекті шығарылымында баяндалды.
Мұғалімнен дүкенге барып келеміз деп сұранып кеткен Айша мен София есімді қыздар шатырдан құлап мерт болды. Қыздардың сөмкесінен түрлі қорқынышты нәрселер табылған.
Пышақ, қауіпті дәрі сынды дүниелер табылған. Бірі шатырдан жерге құласа, бірі аулада тұрған машинаға құлаған. Екеуі де оқиға орнында жан тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, шу, шыңғыру секілді қорқынышты дауыстар мүлдем болмаған. Тек құлаған кезде ғана “тарс” еткен дауыс естілді дейді.
Жасөспірімдердің қазасы көп болып кеткеннен кейін оқушылар арасында танымал бір қауіпті ойын тарады. Екі қыздың өліміне осы ойынның қатысы бар -жоғын редакция анықтап білді.
““Дәрілерді іш, қолыңды кес” деп біреулер қоңырау шалған”,- деді қыздардың туысы.