Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

21 жастағы полиция қызметкері өз-өзін өлтірмек болды

15:07, 30 маусым 2024 380

Павлодар облысының Ертіс ауылында 21 жастағы полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ 2003 жылы туған кіші сержант өлгісі келетінін баяндаған хат қалдырып, «Макаров» қызметтік тапаншасымен өзінің басынан атқанын хабарлады.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, полицейдің жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

«Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар