Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"227 миллион теңге жиналды": Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар қай жерде емделетіні белгілі болды

12:54, 26 тамыз 2024 2309

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтарды ата-анасы Германияға емделуге апармақ. Қазақстандықтар сарбазға 227 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы Ербаянның Instagram парақшасында туысқандары жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"26 тамызға Ербаян ЭКГ, ЭхоКГ және өкпе рентгенографиясына жазылды. Іркілісті пневмонияның бар-жоғын тексеру керек. Өйткені, Ербаян шалқасынан көп жатқандықтан оның қан тамырларына ауыртпалық түсуі мүмкін. Ең бастысы, Ербаян ұзақ уақыт ұшуға дайын болуы керек. Ертең Германия елшілігіне барып, олар бізге қалай көмектесетінін білу үшін алдын ала қабылдауды сұраймыз, себебі Ербаянды Германияда емдеуге апаруды қажет деп шештік. Әлемнің бірнеше клиникаларына, оның ішінде Германияға да құжаттарды жібердік. Жауап күтеміз. Ербаянның еміне қанша теңге жұмсалатыны белгісіз, себебі емхана әлі таңдалмаған", - делінген парақшада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар