Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

26 маусымнан бастап әр қазақстандыққа 50 мың теңгеден беріледі - Рас па?

15:30, 28 маусым 2024 1796

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа түсініктеме берді,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ведомствоның баспасөз қызметі "әр қазақстандыққа 50 мың теңгеден беріледі" деген қауесетке сенбеуге шақырды.

"1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар