Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жайықтың жағасында тарих түгенделген күн

11:42, 08 қыркүйек 2023 174
Бүгін Атырау облысының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиев күзгі оқулары аясында "Х.Досмұхамедов" атындағы Атырау университетінде өткен "Түркістан легионы және Мұстафа Шоқай: "аңыз бен ақиқат" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.



Халықаралық форматтағы жиында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор - оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар, ғылыми-сарапшылық топ және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері болды.

Халықаралық деңгейдегі онлайн һәм офлайн жиында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры ИДРИСОВ САЛАМАТ НҰРМҰХАНҰЛЫ Атырау өңіріне белгілі профессор ХИСМЕТ БОЗАНҰЛЫ ТАБЫЛДИЕВТЫҢ Алаш қайраткері МҰСТАФА ШОҚАЙ туралы жазған ғылыми мақалалары туралы айтты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА академигі , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы КӘРІБАЕВ БЕРЕКЕТ БАҚЫТЖАНҰЛЫ, белгілі ғалым, түрколог, мұстафашоқайтанушы ӘБДІУАҚАП ҚАРА, Татарстан еліндегі тарих ғылымдарының докторы,профессор ВАЛИЕВ РАМИЛЬ МИРГАСИМОВИЧ, "Қорқыт Ата" атындағы Қызылорда университетінің профессоры ӘБДІЖӘЛЕЛ БӘКІР, «Мәңгілік ел» ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор АХМЕТ АҚҚАЛИ ҚАБИЖАНҰЛЫ және филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ҚАЙРАТ ЖАНАБАЕВ баяндама жасады.

Бұл халықаралық жиындағы атыраулықтар үшін ең қуанышты жаңалық «Х.Б.ТАБЫЛДИЕВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХЫ АРХЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯСЫ» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырумен қазақтың эпосы мен фольклоры, классикалық батырлар жыры һәм жыраулары туралы жүздеген мақалалар мен ғылыми монографиялардың авторы, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ҚАЙРАТ ЖАНАБАЕВ ағамыздың«Поэтический текст в обряде и ритуале: генезис, формы, функции (на материале устной поэзии жырау 15-18 веков)» атты монографиясының тұсаукесері дер едім.

Осындай ұлтымыздың саяси санасы мен тарихи дүниетанымдық көкжиегін арттыратын халықаралық деңгейдегі маңызды жиынды ұйымдастырушы Х.ДОСМҰХАМЕДОВ атындағы Атырау университетінің басшылығы мен Х.Б.ТАБЫЛДИЕВ атындағы "Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы" ғылыми-зерттеу институына зор алғысымды білдіремін. Еліміз тыныш,тәуелсіздігіміз баянды болсын!

"Слава Україні" қайырымдылық қорының төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?