Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін, сауап: Мұхамеджан Тазабек мәлімдеме жасады (ФОТО)

18:39, 18 қараша 2024 1456

Қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде жұртты шулатқан тақырыпқа байланысты жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол инстаграм желісіне оқырманы қызық сұрақ қойды.

”Аға, әйелім бар, ұлым бар. 3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін. Әрі қарай не істеймін” деп сұрақ қойды.

Ал Мұхамеджан Тазабек:

 “Жесір әйелге барған — сауап деген өтірік сөз ел арасында тарап кеткен. Соған сүйенген қаншама адамның жолы жабылып, өмірі талқан болды.

Шамаң жетсе, сүйген екі жүректің емі — ақ неке. Басқа жол жоқ!

Ал, зина — өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. Тезірек тәубеге асығу керек”, — деп жауап берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар