3,2 мың домбырашы шерткен күй Қазақстан рекордтары кітабына енді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 24kz сілтеме жасап.
Астанада «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада домбыра үйірмелеріне қатысушы 3000-нан астам астаналық Құрманғазының «Балбырауын» күйін шертті.
Домбырашыларға ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.
Күй тартыс осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды жаңартты.
Балалардың санын 8 сарапшы, күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы бақылаған.