Алматы мемлекеттік активтер басқармасы Қазақстанның Грузиядағы бұрынғы елшісі, бұрынғы сенатор әрі ішкі істер министрі болған Бауыржан Мұхамеджановтың әйеліне тиесілі болған зәулім үйді электронды сауда порталы арқылы саудаға шығарған, деп жазады Alash.KZ.
2003 жылы салынған үй Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан. “Үй қанағаттанарлық жағдайда емес” деп атап көрсетілген.
Үйдің жалпы аумағы 272 шаршы метр. Тұрғын жайы 117 шаршы метрді құрайды. Аукцион 5 қарашада өтеді. Үйдің бастапқы бағасы – 380 млн теңге. Ең жоғары баға ұсынған адам үйді сатып алады.
Бір айта кетерлігі, 2022 жылы да үй 265 млн теңгеден бастап аукционға қойылған. Алайда оны ешкім алмаған. Жыл өткен сайын өтпей жатқан үйдің бағасына баға қосылып бара жатқанын байқауға болады.
380 млн теңге: Алматыда бұрынғы ішкі істер министрінің әйеліне тиесілі зәулім үй сатылымға шығарылды
17:07, 28 қазан 2024
926
gosreestr.kz
Көбірек оқу
Соңғы жаңалықтар
"1000 бөтелке арақ тәркіленді": Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандар ұсталды
18:38, 14 қараша 2024 190
Депутат Нартай Аралбайұлы Мақатаев пен Нәжімеденов өлеңдерінің авторлық құқығын қаншаға сатып алды?
18:16, 14 қараша 2024 266
"Үш сарбаз жабылып соққыға жыққан": Жаркентте әскери бөлімше капитаны көз жұмды
17:24, 14 қараша 2024 415