Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4 жастағы баланы зорлап кейін азаптап өлтірген педофил жазасын жеңілдетуді сұрады

14:02, 05 қыркүйек 2024 344

Абай облысында апелляциялық сот педофилге шығарылған өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

38 жастағы ер адам бұған дейін кәмелетке толмаған балаға қатысты азғындық әрекеттер жасағаны үшін (ҚК 124-бабы, 2-бөлігі), азаптау (ҚК 110-бабы, 2-бөлімі, 1-тармағы) және кісі өлтіргені үшін (ҚК 99-бабы, 3-бөлімі) сотталған болатын.

Алайда сотталған азамат өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімімен келіспеді. Сотталушы адвокатымен бірге апелляциялық шағым түсіріп, кәмелетке толмаған баланы өлтіру және балаға қатысты азғындық әрекеттер бойынша ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот 38 жастағы ер адамның мас күйінде, жалаңаш, өз үйінде кәмелетке толмаған балалардың көзінше,  тоғыз жасар қызға азғындық әрекеттер жасағанын анықтады.

Сондай-ақ ер адам төрт жасар балаға физикалық күш көрсеткен. Бұл баланы педофилдің жұбайына көршісі тастап кеткен.

Сотталған адамның әйелі балаға күтуші ретінде қараған. Алайда баланың төрт ай бойы ер адамның үйінде болуы кезінде оған деген қарым-қатынасы нашар болған. Бір күні ол баланың басын қабырғаға соққан. Оның өлімін күтіп, ер адам ешқандай көмек көрсетпеген. Кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастаған.

«Апелляциялық шағымды қарау кезінде сот алқасы үкімді өзгертуге негіз жоқ деп тапты, себебі сотталған адамның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді тәркілеу хаттамаларымен және іс бойынша басқа да материалдармен толық дәлелденді», – деп хабарлады Абай облысы сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар