Пәкістанда 600-ден астам адам ыстықтан көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттыш порталы.
BBC хабарлауынша, мәйітханалар лезде толып кеткен. Бірнеше мың адам ауруханада жатыр. Негізгі соққы елдің ең ірі қаласы — Карачиге тиді.
40 градус ыстық қаладағы кедей аудандарға қатты әсер етуде. Көшеде жұмыс істейтін немесе тұратын адамдар сол жерде жан тапсырып жатыр.
«Ауруханаға жүгінген адамдардың көпшілігі 60-70 жас аралығында болды. Бірақ кейбіреулері шамамен 45 жаста, тіпті жиырма жастағы бірнеше жастар бар. Біз көмек көрсеткендердің көпшілігі көшеде жұмыс істеген. Біз оларға мүмкіндігінше көп су ішуге және жеңіл киім киюге кеңес бердік», - деді Associated Press агенттігіне Карачи азаматтық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Имран Сарвар Шейх.